BasNewsЖаңалықтар

Президенттің сөгісінен кейін Сапарбаев Досаевты қызметінен босатты

Жамбыл обылысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«2021 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды», – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдік мәліметінше, Қайрат Досаев жаңа қызметінде 30 шілде мен 3 тамыз аралығында істеген. Бірақ 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап (яғни, Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң) еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button