BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін сүйіншіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл туралы Тоқаев Twitter желісінде жазды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», – деп тіледі Президент.

19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.

«Есімі – Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылында тұрады», – деді әкімдік өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button