BasNewsЖаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, Торрес техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.
28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.
Back to top button