BasNewsЖаңалықтар

Атырауда екі адам 15-қабаттағы жедел саты шахтасына құлап кетті

Атырауда жұмысшылар жедел саты шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Lift Invest ЖШС -нің екі қызметкері қонақүй кешенінде монтаждау жұмыстарын жүргізіп жүріп, 15 -ші қабаттан жедел саты шахтасына құлап кетті.

Қайғылы оқиғаның салдарынан 40 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оған травматикалық шок деген диагноз қойылды, көптеген сынықтары мен жарақаттары да бар. Қазіргі уақытта зардап шегушіні отаға дайындап жатыр. Отадан кейін ол жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында болады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button