BasNewsЖаңалықтар

Жаңа антирекорд: COVID-19 бен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды. Осылайша елде антирекорд тіркеліп отыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ВАК мәліметінше, 5 тамызда коронавирус расталған 125 адам және коронавирус тесті теріс нәтиже көрсеткен 33 адам пневмониядан қайтыс болды.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (104 377 КВИ+ және 3 223 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 29 623 пациент стационарда,
  • 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 832 адамның жағдайы ауыр,
  •  417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  202 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button