BasNewsЖаңалықтар

Талдықорған әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Пара алғаны үшін мониторингтік топ мүшелері ұсталғаннан кейін Талдықорған әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасының өндірісінде Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы мен осы бөлімнің бас маманы пара алу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі, 2-1-тармақтары бойынша қылмыстық іс алынды.

Бөлім бастығы өзінің қарамағындағы бас маманмен келісе отырып, COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресудің дағдарысқа қарсы шаралары кезінде,халық көп жиналатын шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жүйелі түрде пара алып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданбаған. Олар қала мейрамханаларынан және стихиялық сауда өкілдерінен 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сондай -ақ, мейрамхананың бес әкімшісі жоғарыда айтылған көлемде пара бергені және жаппай іс-шаралар өткізгені үшін жауапқа тартылады.

Қылмыстық іс аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді, оның қорытындысы бойынша алдын алу шаралары мақсатында, сондай-ақ бұл бағытта тиісті бақылау жүргізілмегені үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С.Арзанбекова қызметінен босатылды.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Back to top button