BasNewsЖаңалықтар

Олимпиада-2020: Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов қола жүлдегері атанды

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асәділов жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы франциялық Стивен да Костамен күш сынасты. 2:5 есебімен жеңілген қазақстандық спортшы финалға жолдама ала алмады. Осылайша, ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Асәділов топтық кезеңдегі төрт қарсыласын да жеңіп, жартылай финалға бірінші орынмен шыққан болатын.

Дархан Асәділов – каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.

Back to top button