BasNewsЖаңалықтар

Дәрігер коронавирустан кейін инфаркт пен инсульт болуы мүмкін екенін айтты

Коронавирус салдарынан өкпеде өзгерістер мен инфаркт, инсульт болып, адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Бұл туралы Роспотребнадзор эпидемиология директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Антонина Плоскирева мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Коронавирус инфекциясынан кейін өкпеде өзгерістер пайда болуы мүмкін (фиброз), сондай-ақ инфаркт пен инсульт болуы мүмкін, мұндай науқастар мүгедек атануы мүмкін», – деді Плоскирева.

Ол коронавируспен ауырып шыққан науқастарда, ауруханада жатса да, жатпаса да, ұзақ уақыт бойы түрлі клиникалық көріністер, оның ішінде, астеникалық синдром мен респираторлық синдром, жөтел байқалатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button