BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында ер адам өзінің бір жасар баласын қағып кетті

Ақтөбе облысында көлік жүргізушісі өзінің бір жасар баласын қағып кетті, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметі бойынша, оқыс оқиға 7 тамызда бау-бақша ұжымы аумағында орын алды.

Opel Astra көлігінің 48 жастағы жүргізушісі өз үйінің ауласында артқа жүрмек болғанда бір жасар баласын қағып кетті. Салдарынан сәби басынан ауыр жарақат алып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда, әсіресе үй ауласында өте сақ болуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button