BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан 66 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді

Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың 7 айының қорытындысында 111,1 пайыз болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайыз», – деді Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, ел бойынша барлығы 66 014 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде артты.

«Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған», – деді бірінші вице-министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button