BasNewsЖаңалықтар
Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған әйелдердің жүктілігін тоқтатуға мәжбүр

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер жүкті әйелдер коронавирусты жиі жұқтырып жатқанын айтып дабыл қағып отыр. Аналардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер төтенше шараларға баруға мәжбүр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Пандемия басталғалы аймақта COVID-19 жұқтырған 517 жүкті әйел тіркелген.
«Бұл халықтың вакцина ала алмайтын және коронавирус инфекциясынан қорғансыз санаты. Олардың коронавирустан қорғалуы қоғамның санасына байланысты. Біз жүкті әйелдер мен балаларды инфекциясыз қолайлы орта құру арқылы ғана қорғап, оларға қауіпсіз орта жасай аламыз», – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов.



