BasNewsЖаңалықтар

Үш қалада терроризмді насихаттады деген 4 адам қамауға алынды

ҰҚК өкілдері радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«13 тамызда ҰҚК жүргізген соталды тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері», – делінген хабарламада.

Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button