BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі

Синоптиктер 26-28 тамызға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: найзағай жарқылдап, бұршақ аралас өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады.

«Республикамыздың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде +17…22, күндіз +30…38 градус, солтүстікте түнде +7…18, күндіз +20…35 градус, орталықта және республикамыздың шығысында түнде +7…18, күндіз +22…35 градус, оңтүстікте түнде +15…23, күндіз 32…40, оңтүстік-шығыста түнде +13…22, күндіз +27…37 град.ус ыстық болады деп күтіледі», деп хабарлайды «Қазгиромет» РМК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button