BasNewsЖаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге келді

Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», – деп атап өткен Берік Уәли.

Back to top button