BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 30 қыркүйекте сағат 00.34-те болғанын хабарлады.

«Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдық режимін сақтамағандықтан рөлді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан», – деді полиция өкілі.

Жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.​

https://www.instagram.com/p/CUbfY0wI2Nv/

«Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қаза болды. Toyota Camry-дің бір жолаушысы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды. Дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп толықтырды ведомство өкілі.

Полиция департаменті жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Back to top button