BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды тұрғынына ​​екі түрлі вакцина салынған: қыздың жағдайы қалай

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы қателесіп басқа вакцинаның екінші дозасы салынған 19 жастағы қазақстандық қыздың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде журналистер екі түрлі вакцина салынған қарағандылық қыздың жағдайы туралы сұрады.

«Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бұл жалғыз жағдай, мұндай деректер Қарағанды ​​облысында қайталанған жоқ. Біз оның жағдайын бақылап отырмыз. Тұрғында вакцинациядан кейінгі кезеңде ешқандай ауытқу болған жоқ. Екінші компонентті салдырған кезде қызда ешқандай жанама әсер байқалмағаны айтылды. Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық», – деді Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ekaraganda.kz порталы 2021 жылдың маусымында жариялаған ақпаратқа сүйенсек, 19 жастағы қыз Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентін алған. Екінші дозасын алуға келгенде оған «Спутник-V» вакцинасы салынған. Сол кезде Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтқан болатын.

Back to top button