BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан 44 адам қайтыс болды

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 44 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 39, пневмониядан 5 адам көз жұмған.

Сонымен қатар, 3 қазандағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы тіркелді.

3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (51 373 КВИ+ және 8 085 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  10 147 пациент стационарда,
  •  49 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  753 адамның жағдайы ауыр,
  •  227 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  142 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

 

 

Back to top button