BasNewsЖаңалықтар

«Түркістан Аруы-2021» анықталды

Ұлттық қазылар алқасы «Түркістан Аруы» ретінде 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапованы таңдады, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Алғаш рет аймақтық конкурс онлайн форматта өтіп жатыр. Қазылар алқасы финалға шыққан 10 арудың анкетасын, суреттері мен видео таныстыруын қарап, ZOOM арқылы әңгімелесті. Көрермен қазылар алқасының жиналысы мен қатысушылармен әңгімесін көруге мүмкіндік алды.

Қатысушылардың тағдырын – актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы-2013» Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen шешеді.

Әңгімелесуден кейін ортақ шешіммен Түркістан аруы ретінде Сұлтанбибі Шахапова таңдалды. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алады. Болашақта интерьер дизайнері болуды жоспарлап отыр.

Сұлтанбибі сурет салып, саяхаттағанды және суретке түскенді ұнатады. Қазақ, орыс және түрік тілінде еркін сөйлейді.

«Үйде жетеуміз. Анам, әкем және төрт сіңлім. Мен үлкенімін. Әкем негізі туризм саласын бітірген, бірақ бүгінде басқа салада істейді, анам араб тілінің аудармашысы, қонақ үй саласында жұмыс істейді. Отбасымыз шығармашыл және позитив. Мектепке ерте бардым, сыныпта ең кішісі мен едім, бірақ оған қарамастан түрлі шараға белсенді қатысатынмын. Мен өз қаламды жақсы көремін. Қазақстандықтар үшін Түркістан – ерекше қала және мен баршаңызды біздің қаламызға қонаққа шақырамын», – дейді Сұлтанбибі.

Back to top button