BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды

Куәгерлер Ақтаудағы жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсірді. Оқиға туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 және 28 шағынаудандар арасында болған төбелес туралы хабарлама 13 қазанда сағат 23.38-де түскен.

«Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен келген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция барлық бейнебақылау камералары зерттелетінін, қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Back to top button