BasNewsЖаңалықтар

«Қызыл» аймақта бір облыс қалды

Павлодар облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «сары» аймаққа өтті. Қазір «қызыл» аймақта бір ғана облыс қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2021 жылғы 27 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button