BasNewsЖаңалықтар
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу атылады
Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу атылады. Шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Отшашу ҚБТУ алаңынан сағат 21.00-де басталады.
- 15 желтоқсанда №1 оқушылар үйінде «Жасай бер, Қазақ елі» атты концерт өтеді;
- Осы күні Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылады. Оған мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады;
- Жастар Сайран көлі жағасында экоакция өткізеді;
- 16 желтоқсанда «Тұран» университеті флэшмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Абылай хан»операсының премьерасы болады.
- Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс-шара өтеді.



