BasNewsЖаңалықтар

СҚО-да кілемнен жасалған шырша орнатылды

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылының тұрғындары Жаңа жылды кілемнен жасалған шыршамен қарсы алды, – деп хабарлайды Basnews.kz  тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасыл кілемнен жасалған, түрлі шамдармен, жұлдызшамен безендірілген шырша әлеуметтік желіде әзілге айналды.

«Бюджеттен 100 миллион жұмсалды» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

«Әкімдік Жаңа жылға орай кілемдерін ауыстырып, ескісін лақтыруға қимай шырша жасауға берген шығар», – деді тағы бір қолданушы.

«Бізге лайық шырша», – дейді Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны.

Басқа жаңалықтар

Back to top button