BasNewsЖаңалықтар

ҰҚК Ресейден қару тасымалдаған қылмыстық топты қолға түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізумен айналысқан этникалық қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлайды Basnews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды», – делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон тәркіледі.

ҰҚК мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button