BasNewsЖаңалықтар
Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Бас прокуратура «Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы» хабарламаға түсінік берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін екені туралы хабарлама тарап жатыр.
Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды», – деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.
Олар қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.



