Отандық мұнайдың өзіндік құны қанша?

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанда мұнайдың өзіндік құны қанша екенін айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, отандық мұнайдың өзіндік бағасы барреліне 10-нан 65 долларға жетеді.
«Кен орындарында қыртыстарды дайындау әдістері әртүрлі. Әр кен орнында әртүрлі әдіс қолданылады. Өзіндік құны 20 доллар болатын немесе 50 доллар болатын кен орындары бар. 65 доллар болатыны да бар. Барлығын бірдей санау дұрыс емес. Мысалы, Қашағанда мұнайдің өзіндік құны 10 долларға дейін барады», – деді Ноғаев.
Сондай-ақ, министр мұнай барреліне 50-60 доллар тұратын кен орындарында өндірістің тоқтатылатынын айтты.
«Естеріңізде болса, 1998 жылы бізде мұнай барреліне 8,5 доллар тұрды. Барлығы біздің қолымызда, барлығын оңтайландыруға болады. Қажетті шараларды қабылдаймыз», – деді Ноғаев.



