BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте екі оқушы қызды көлік қағып кетті

Шымкентте ағайынды екі қызды бағдаршамның жанында көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға таңғы сағат 8:00 шамасында Әл-Фараби көшесінің бойындағы 6-шы емхананың алдында орын алған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің бағдаршам бағанын соғып өтіп тоқтағанын көруге болады.

Полицейлердің мәліметінше, «Hyundai accent» жүргізушісі Nexia көлігімен соқтығыспас үшін көлікті бұрып жіберіп, басқара алмай қалған. Зардап шеккен екі оқушы бір үйдің қыздары. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Back to top button