BasNewsЖаңалықтар

Із-түссіз жоғалып кеткен ер адам Текелі маңынан табылды

Текелі маңындағы таулы аймақта полицейлер, еріктілер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жоғалған азаматты тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам 1 мамырда Чажын шатқалына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Іздеудегі ер адам Чажа өзенінің маңындағы таудан табылды. Ер адам дәрменсіз және бағдарсыз қалған.

Белгілі болғандай, ол соңғы бес күн бойы тау аралап, өсімдіктер мен ұсақ жануарларды жеген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайы тұрақтанған.

Back to top button