BasNewsЖаңалықтар

Кубада қонақүйде жарылыс болып, 32 адам қаза тапты

Гавана орталығындағы бес жұлдызды Saratoga қонақүйінде жарылыс болды. Қазіргі уақытта 32 адам қаза тапқаны белгілі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі НТВ сайтына сілтеме жасап.

Қонақүйдегі жарылыс 7 мамырда таңертең болған. Ғимараттың қасбеті қирап, өрт шыққан. Билік теракт нұсқасын жоққа шығарып отыр. Қайғылы оқиғаның негізгі себебі ретінде цистернадан тұрмыстық газдың шығуы және жарылуы нұсқасы қарастырылып жатыр.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінділерді тазартып, азаматтарды эвакуациялауға кіріскен.

Сенбінің кешінде жарылыс салдарынан 32 адам қаза тапқаны белгілі болған. Зардап шеккендердің саны әлі де нақты емес және артуы мүмкін. Тағы 19 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Сонымен қатар, кем дегенде 44 зардап шегуші ауруханада жатыр.

Back to top button