BasNewsЖаңалықтар

Байқоңырда ұлыбританиялық танымал блогер ұсталды

Ұлыбритания азаматы, блогер Рич Бенджамин мен Беларусь азаматы Алина Зелупа 112 ұшыру алаңының (қазақтарға тиесілі «Буран» кешені) аумағында ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Мәскеу уақытымен 18.10-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 15:10) «Оңтүстік» ғарыш орталығының (Байқоңыр) 112 ұшыру алаңы аймағында (қазақстандықтарға тиесілі «Буран» кешені) Ұлыбритания азаматының ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олар ұлыбританиялық Бенджамин мен беларустық Зелупа Алина. Екеуі де Байқоңыр Ішкі істер басқармасында. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бенджамин мен  Зелупаның заңсыз әрекеттер ұйымдастыруды бірге жоспарлағандығы туралы тексеріс  жүргізілуде » деп жазды Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин Telegram-да.

Бенджамин Рич – Ұлыбританиядағы танымал Youtube блогері. Ол бұрынғы Кеңес Одағы мен Азия елдеріне жасаған саяхаттары туралы бейнероликтер жариялайды.

Back to top button