BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 мамырда сағат 2:40 шамасында болған.

«Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сембинова көшесімен Кенесары көшесі қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, осы уақытта Кенесары көшесінде келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен соқтығысты», – делінген хабарламада.

Соқтығыс салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Toyota Camry жүргізушісі мен Mercedes-Benz көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Факт бойынша соталды тергеу басталған.

Back to top button