BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыда аттракционнан ақау шықты

Қарағандының орталық саябағында «америкалық аттракционда» адамдар отырған арба рельске кептеліп қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі patriotkaragandy сайтына сілтеме жасап.

Аттракцион қызметкерлері жолаушыларды рельстен түсіруге көмектесті, зардап шеккендер жоқ.

Саябақта болған оқиғаға байланысты барлық аттракциондар тексеруге тоқтатылды.

«Шынымен де осындай оқиға орын алды. Қауіпсіздікті тексеру мақсатында техникалық жарамдылық сараптамасы сертификатын алған барлық аттракциондар осы оқиғалардың қайталанбауы үшін уақытша тоқтатылады», – деді саябақ басшылығы Patriot басылымына.

Аттракцион арнайы конструкциядағы рельстермен қозғалады және жолаушылар тасымалдайтын құрамы бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертетіндей етіп жасалған.

Back to top button