BasNewsЖаңалықтар

БАӘ президенті қайтыс болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян 73 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі The Jerusalem Post сайтына сілтеме жасап.

БАӘ мемлекеттік WAM ақпараттық агенттігінің мәліметінше, мемлекет басшысы ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған.

БАӘ министрлігі елде 40 күндік қаралы күн басталатынын хабарлады. Федералдық және жергілікті деңгейдегі министрліктер, жеке сектордағы жұмыс үш күнге тоқтатылады.

Back to top button
Close