BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте тергеу изоляторынан күдікті қашып кеткені үшін 17 қызметкер жазаланды

Шымкент қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 17 қызметкері тергеу изоляторынан адам қашып кеткені үшін жазаға тартылды. Тағы біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан кедергісіз қашып кеткен болатын.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Қылмыстық-түзеу жүйесі департаментіндегі оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Оның барысында қызметтік міндеттерін бұзған 17 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл деректі растады.

Оқиға 11 мамырда Шымкенттегі тергеу изоляторында болды. Күдікті бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген еді, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деген айып тағылды.

Back to top button