BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қалалық қоғамдық кеңестің отырысында «Шымкент қаласындағы әлеуметтік сала бойынша мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

2022 жылдың сәуір айы қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 6 004 адам қатысты немесе жоспар 17,9% орындалды.

Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, олар:

– 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту;

– 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орынында оқыту;

– 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 127 адам.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:

– 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;

– 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:

Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:

– 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);

– 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);

– 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);

– 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);

– 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;

– 192 адам «Күміс жас» жобасы.

Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:

– 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);

– 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орыны (тұрақты – 14 517, уақытша – 9 679) құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 10 552 (7584 – уақытша, 2968 – тұрақты) жұмыс орыны, 13 643 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар) (2095 – уақытша, 11549 орын – тұрақты).

2022 жылдың 1 мамырына 8 226 орын ашылған (34,0%) (5491 – тұрақты жұмыс орындары, 2 735 – уақытша жұмыс орындары).

Back to top button