BasNewsЖаңалықтар

-2 градусқа дейін үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Найзағай күтіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ресейдің еуропалық бөлігінің аймақтарынан келетін циклонмен байланысты атмосфералық фронтальді учаскелер республиканың барлық дерлік аумағында ауа райын тұрақсыз етеді.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік облыс өңірдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, батыста күндіз ауа температурасының +8…+18-ден +15…+28°С-қа дейін аздап жоғарылауы күтіледі, ал қалған аумақта, солтүстікте күндіз ауа температурасының төмендеуі байқалады. Орталықта +25…+30°С-тан +15…+20°С-қа дейін, республиканың оңтүстігі мен шығысында +28…+33°С-тан +17…+ 25°С-қа дейінгі аралықты көрсетеді.

Back to top button