BasNewsЖаңалықтар

Шымкенттегі жарылыс кезінде қаза тапқандар саны үшке жетті

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, 43 жастағы күзетші, 42 жастағы жұмысшы мен 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды», — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

«Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылуда», — деді министрлік.

№1 облыстық перинаталдық орталық облыстың жеті ауданынан жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер қабылданғандықтан, медицина қызметкерлерінен құралған бригадалар ауылда перинаталдық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаларға жіберілді.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасын уақытша өңірлендіру туралы тиісті бұйрық дайындалып жатыр. Облыстық клиникалық ауруханада Облыс әкімінің орынбасары бастаған жұмыс штабы құрылды.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауға алды. Оқиға орнына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы барды», — делінген хабарламада.

Back to top button