BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында екі жасар бала суға батып кетті

Сәбидің денесі жергілікті Цыганка өзенінен табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлерінің мәліметінше, құтқарушылар бала жоғалғаннан кейін екі сағаттан соң шақырылған.

«Шамамен, сағат 16:00-де сәби жеке тұрғын үй ауласынан жоғалып кетті. Туыс-туғандары жан ұшырып іздегендерімен, еш жерден таба алмады. Олар органдардан 18:15-те көмек сұраған. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар және кинологтар барды. Өкінішке қарай, ұл баланың денесі өзеннен табылды. Үй осы өзенге жақын жерде орналасқан», — делінеді ТЖБ хабарламасында.

Сәби 29 мамырда екі жасқа толар еді.

ТЖБ мамандары ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды, төтенше жағдай кезінде дереу 101 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Back to top button