BasNewsЖаңалықтар

БҚО-да 5 жастағы баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды

Батыс Қазақстан облысында ойнап жүріп, трансформатор ұстаған 5 жасар бала қолынан айырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болды. 5 жасар бала қосалқы электр стансасының ішіне кірген. Ол қоршаудың ішінде ойнап жүріп, көп ұзамай токқа түскен.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бала Жаңақала аудандық ауруханасына жатқызылған. Бірақ оның жағдайы өте ауыр.

Баланың екі қолы күйген, сондықтан Орал қаласына санавиациямен жеткізілген. Кейінірек дәрігерлер 5 жасар бүлдіршіннің екі қолын кесуге мәжбүр болғанын айтқан.

Back to top button