Пікір

Референдум саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы

Бүкіл қазақстандықтарды дүрліктірген Қаңтар оқиғасы  еліміздің әлеуметтік  саласында  ғана емес саяси жүйесіңде  де  олқылықтар орын алып отырғанын көрсетті.

Мемлекет Басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналарға сұхбаттар беріп, Үндеу де жасады. Халықтың алдына барлық мәселені жайып салды, елден ұсыныстар күтті. Халықпен кері  байланыс орнатудың нақты қадамдарына барды. Барлық ұсыныстар мен пікірлерді електен өткізіп барып,  Жолдауын жариялады.

Бұл Жолдаудың бағыты-  барлық салада қоғамның бүкіл санаттарының тепе-теңдігін сақтай отырып,   саяси, құқықтық  жүйеде әділетті  реформа  жасау. Халықтың ойынан шығатын  заңнамалық құрылымдық  жүйені  жетілдіру арқылы ғана Әділетті  саяси  құқықтық реформа туылатыны түсінікті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» Жолдауына талдау жасағанымда   ең көп кездесетін сөздер мемлекет   67 рет,  қоғам 55 рет,  еліміз 45 рет,    заң 44 рет,   сайлау 40  рет, Қазақстан, адам, саяси  сөздері 39 реттен, жүйе 35 рет қайталанады.  Бұл сөздер- негізгі нысананы анықтайтын  құлып ашар сөздер. Мемлекет басшысының айтқысы келгені мемлекет пен қоғамның  арасындағы  байланысты   жақсарту,  қоғамның  үнін билікке  жеткізіп, елімізде заңның үстемдігін  қамтамасыз ету  арқылы сайлау жүйесіне өзгеріс ендіру.   Демек, Қазақстанда  адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси  жүйе де жаңғыратын болады деген тұжырымды  елге жеткізгені. Осы уақытқа дейін  1995 жылғы Ата заңымыз бүкілхалықтық референдум  арқылы дүниеге келсе, содан  бері  уақыт талабына сәйкес, Ата заңымыздың 64  бабына қатысты,  1998,2007,2011,2017,2019 жылдарда бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті.Бұл заңдылық.Заман өзгереді , заң өзгереді деген аталы сөздің түйіні, жауабы.Оның үстіне  біздің мемлекетіміз басқа батыс,шығыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым жас мемлекет.

Қолданыстағы Конституциямыздың  33 бабына өзгеріс енгізілуі туралы мәселе  өте ауқымды  болғанын ескере отырып,  Мемлекет Басшысы  Республикалық  Референдум туралы заңның  18  бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Республикалық референдум туралы заң  IV-тараудан,37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар  стратегиялық  болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет. Референдум дауыс берудің  ең демократиялық  түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді,ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Референдум арқылы ұсынылып отырған  Конституциямыздың  нұсқасында  ешқандай бір тармақта, не бапта  Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген,қайта Суперпрезиденттік  басқарудан біртіндеп көшіп  ықпалды Парламент мәртебесін көтеру, және Президенттің жақын туыстарына  саяси лауазым иеленуге тыйым салыну жөнінде әділдік сипат бар.

Сайлау жұйесінде аралас жүйенің ұсынылуы  ел арасында қызықшылық тудыруда. Ұсынылып отырған нұсқада «Кеңес» сөзі «Сот» сөзімен   ауыстырылған.Ал,  VII бөлімде Конституциялық сот   құрылымы туралы  толықтыру бар. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы  жөніндегі уәкіл ие болады. Сондай-ақ, 83 бапта  Адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі  конституциялық заңмен айқындалады.

Жұртшылықты қызықтыратын бір  мәселе -Жер мәселесі. Қолданыстағы Конституцияның 6-шы бабы 3–тармағында «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса , ұсынылатын нұсқада  «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі.Мемлекет  халық  атынан  меншік иелігін жүргізуге құқылы.Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген.  Мемлекет басшысы  өзі ой елегінен өткізген,  елдің пікірін ұстын етіп, қарқынды дамуымызға арналған   барлық саланы қамтитын саяси өзгерістерге тола Ата заңымыздың жаңа нұсқасын референдум  арқылы қабылдауға ұсынды.

Елдің бірлігі үшін,тыныш тірлігі үшін  саяси жұйедегі өзгеістерді таразылап жеті рет өлшеп бір рет кескен   демекші  референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу,пікір алмасу демократияны көрсетеді.  Референдум ашықтықтың,демократияның,  саяси теңдікке  жетудің ең биік сатысы.

 

 

Back to top button