Павлодарда 10 тонна өсімдік майын тиеген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті
Павлодар облысы Успенка ауылының маңында 10 тонна күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 мамырда сағат 12.06-да түскен.
«Республикалық маңызы бар Павлодар – Успенка – РФ автожолында пластик ыдысқа құйылған шамамен 10 тонна өсімдік майы тиелген 2004 жылы шығарылған Krone ZZF 18 маркалы тартқыш толығымен жанып кетті», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Өртті сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Сағат 13.50-де өрт толықтай жойылды.
«Жүк Новосібірден Бішкекке қарай Қазақстан шекарасы арқылы бара жатқан. Сондай-ақ, ауданы 500 шаршы метр және 4 гектар болатын екі ошақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 14.40-та сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – деді ведомство өкілдері.
Оқиға себебі мен залал анықталып жатыр.



