BasNewsЖаңалықтар
Қазақстаннан Италия, Чехия және Грецияға жаңа рейстер ашылып жатыр
Қазақстанның халықаралық әуе тасымалының бағдарлы желісі аптасына 433 рейске дейін ұлғаяды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалының бағдарлы желісін кеңейтуді жалғастырып жатыр.
Жазда 99 бағыт бойынша (81-ден 99-ға дейін) ұшулар саны аптасына 81-ге (аптасына 352-ден 433-ке дейін) артады.
Италия, Чехия және Грекияға ұшатын жаңа рейстер ашылды. Сонымен қатар қазақстандықтар үшін магистральді бағыттар саналатын Ресей, Грузия, Түркия және Мысырға қатынайтын рейстер саны артып келеді.



