BasNewsЖаңалықтар

Теміртауда кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті өзіне қол салған

Теміртау қалалық сотында уақытша ұстау изоляторында қамалған күдікті өз-өзіне қол жұмсады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін орын алған.

«Ұсталған азамат кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге апару» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаменті.

Облыстық соттың баспасөз қызметі күдіктіні сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға шығарып салып, қамауда ұстағанын, ол жерде өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталушыны қадағалауы тиіс Теміртау қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button