BasNewsЖаңалықтар

ДДСҰ маймыл шешегіне байланысты тағы бір мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ДДСҰ маймыл шешегінің таралуы толықтай ауыздықталатынына сенімді емес екенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Клюгеның айтуынша, маймыл шешегінің таралуын тоқтату үшін COVID-19 кезінде қажет болған шараларды қолданудың  қажеті жоқ, өйткені вирус басқаша таралады.

Сондай-ақ, ол инфекция жазда Еуропада және саяхатшылар көп баратын басқа елдерде көп таралуы мүмкін екенін айтты.

«Алдағы айларда жоспарланған ондаған фестиваль мен ірі кештердің көпшілігінде вирустың таралу ықтималдығы жоғары», – деді Клюге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button