BasNewsЖаңалықтар
Эйфель мұнарасына найзағай түсті

Париждегі Эйфель мұнарасына найзағай түсті. Бұл туралы танымал фотограф Кулик Бертран Twitter-де жазды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Эйфель мұнарасына сағат 18.00 шамасында түскен найзағай. Бір уақытта екі камерамен түсірілді», – деп жазды Бертран.
Француз БАҚ өкілдері мәліметінше, кешенге жылына орта есеппен бес рет найзағай түседі. Бұл халыққа қауіпті емес. Өйткені Эйфель мұнарасының жоғарғы жағында электр қуатын тарататын төрт жайтартқыш орнатылған.



