BasNewsЖаңалықтар
«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлады Basnews.kz тілшісі.
«3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты», – деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.



