BasNewsЖаңалықтар

Еңбек шарты және жалақы бойынша берешек

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б. Қалжанов қаладағы еңбек заңнамасының сақталуы және оны мүлтіксіз сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстырды.

Сөз сөйлеу барысында қызметкер мен жұмыс беруші арасында еңбек шартын жасасудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Еңбек шарты міндетті түрде жазбаша түрде жасалуға тиіс. Ауызша немесе өзге де келісімдер азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.

Жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты бойынша әрбір азамат әлеуметтік қорғалған болып табылады, нақты бір айлық табысты алу үшін қызметкерлердің белгілі бір жалақысы белгіленеді, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар үнемі жүргізіледі және медициналық және әлеуметтік сақтандыру бойынша тиісті жарналар төленеді.

Басқарма шешетін ерекше мәселе жалақыны уақтылы төлеу және туындайтын еңбек дауларын құқықтық реттеу болып табылады.

Шымкентте жүргізілген жұмыс нәтижесінде ағымдағы жылдың алты айында 33 кәсіпорынның 1 304 жұмыскерінің жалақысы бойынша берешегі өтелді.

Еңбек ұжымдарында жыл басынан бері 6 Еңбек даулары тіркелген. Олардың барлығы тиісті іс-шараларды өткізу барысында оң шешімін тапты.

Жарты жыл ішінде еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістер мен еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша үшжақты комиссияның 7 отырысы өткізілді.

Еңбек қатынастарын сақтау туралы Заңнаманы бұзу фактілері бойынша заңға сәйкес қаралды және қаланың жеке және заңды тұлғаларының 684 өтініштері мен шағымдарына тиісті жауаптар берілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 154 тақырыптық тексеру жүргізілді, 179 бұзушылық анықталды (оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша – 149, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 23, жұмыспен қамту бойынша – 7). Анықталған бұзушылықтардың 145-і жойылды, заңнамаға сәйкес келтірілді, ұйымдарға 76 ұйғарым берілді.

 

Back to top button