BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды

Алматыдағы Сайран су қоймасынан ішек таяқшалары анықталды. Мамандар енді көлге түсу өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Basnews.kz

Осы мәселені талқылау үшін Төтенше жағдайлар департаменті санитар дәрігерлермен бірлесе жиын өткізді, деп жазады qazaqstan.tv.

Нәтижесінде қоймадағы суды толық ағызып жіберу туралы шешім қабылданды.

Себебі, алынған сынама нәтижесі зиянды заттардың деңгейі қалыпты мөлшерден бес есеге артқанын анықтаған.

Төтенше қызмет мамандарының хабарлауынша, соңғы кезде күннің ысуына байланысты Сайранға шомылатын тұрғындардың саны күрт көбейген.

Осыған байланысты арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстары аяқталғанша тұрғындарды суға түспеуге шақырады.

Көлдегі суды ағызып жіберуге кемі 2-3 күн уақыт кетеді. Кейін қойманы қайта толтыру жоспарланған.

Back to top button
Close