Төрт жарым мың қазақстандық шетелде жайбарақат демалып жүр

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев ОҚК брифингінде бүгінде қанша қазақстандық шетелде демалып жүргені туралы айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Вице-министр бүгінде туроператорлар Қазақстан азаматтарының шетелге шығуын шектеуіне байланысты туристік саланың жағдайы оңай емес екенін айтты.
«Біздің есеп бойынша, төтенше жағдай кезінде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге 5 526 адам сапардан бас тартуы тиіс. Қазіргі уақытта жолдамамен демалуда шетелде 4556 адам бар. Олардың негізгі бөлігі Мысырда – 2246, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 573, Таиландта – 466, Үндістанда – 2016, Мальдив аралдарында – 2044 адам бар», – деді вице-министр ОҚК брифингінде.
Бисақаев қазіргі таңда шетелде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатқанын айтты.
«Туристерді ұшақпен қамтамасыз ету қазақстандық екі әуе компаниясы жүзеге асырады. Олар – Air Astana мен Scat компаниясы. Қазір аталған компаниялармен техника және қаржы мәселесі талқыланып жатыр», – деді Өркен Бисақаев.



