BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан құрамасы таеквондодан Әлем біріншілігінде тағы бір медаль еншіледі

София қаласында кадеттер арасында таэквондодан Әлем чемпионаты өз жалғастығын табуда. Екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Basnews.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрперзент Саматұлы 33 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын иеленіп, жақсы нәтиже көрсетті.

Бұған дейін 29 келіге дейінгі салмақта Ирина Пуганцова күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Back to top button