BasNewsЖаңалықтар

Талдықорғанда IT Hub құрылып, IT-мектептер ашылады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Basnews.kz

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.

Жалпы, IT-нарығының көлемі жыл сайын ұлғайы келеді, сала мамандарына деген сұраныс та артты. Осыған байланысты жақын арада мамандандырылған мектептер ашу бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Осылайша, кадр мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек.

Сұрақ-жауап

Сондай-ақ, министр Талдықорған қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысына оң баға беріп, «Қауіпсіз қала» жүйесінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін бейнебақылаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Облыс орталығында ЖБО-ға қосылған 871 бейнекамера жұмыс істейді. Smart City жобасы аясында Талдықорған еліміздегі ең қауіпсіз қалалардың бірі болып табылады.

Back to top button